Құрметті ата-аналар, оқушылар және сайт оқырмандары!
2024-2025 оқу жылы мектебіміз үшін керемет жаңалықтармен жалғасуда. Жақында «ZERDELI» ақыл-ой дамыту мектебінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» VI математикалық олимпиадасы болып өтті.
Бұл білім додасында мектебіміздің ұстаздары жоғары кәсіби шеберліктері мен математикалық терең білімдерін көрсете білді. Олимпиаданың Қосшы қалалық кезеңінде біздің төрт бірдей ұстазымыз топ жарып, І ОРЫНДЫ иеленіп, І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОММЕН марапатталды!
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары:
🥇 Кемелова Айнура Бауыржановна
🥇 Куанышова Гулжайна Бердибековна
🥇 Мусабаева Айнаш Дүйсенбаевна
🥇 Жамбыл Айдана Сұлтанқызы
Қалалық кезеңде жоғары нәтиже көрсеткен бұл ұстаздарымыз олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алған болатын. 6 қаңтар күні Көкшетау қаласында өткен облыстық білім сайысында олар мектебіміздің намысын абыроймен қорғады. Өздерінің біліктілігі мен ізденімпаздығын тағы бір мәрте дәлелдеген ұстаздарымыз облыстық деңгейде арнайы СЕРТИФИКАТТАРҒА ие болды.
Ұстаздарымыздың бұл жетістігі – олардың тынымсыз еңбегінің, кәсіби ізденісінің және өз мамандығына деген зор сүйіспеншілігінің жемісі. Жас ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беріп жүрген мамандарымыздың мұндай биік белестерді бағындыруы – бүкіл мектеп ұжымы үшін үлкен мәртебе.
Жеңімпаз әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық шабыт және алдағы уақытта да жаңа кәсіби биіктерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз!
Біздің ұстаздар – ең мықты ұстаздар! Құттықтаймыз! 💐👏🏻🎓
Дипломдар
/public/files/2026/4/30/300426_104207_ghambyl-aydana-sltanyzy-2024-ghyl-alaly-oryn.pdf
/public/files/2026/4/30/300426_104218_musabaeva-aynash-duysenbaevna-2024-ghyl-alaly-oryn.pdf
/public/files/2026/4/30/300426_104239_kemelova-aynura-bauyrghanovna-2024-ghyl-alaly-oryn.pdf
Сертификаттар
/public/files/2026/4/30/300426_104459_ghambyl-aydana-sltanyzy-2024-ghyl-oblys-sertifikat.pdf
/public/files/2026/4/30/300426_104509_musabaeva-aynash-duysenbaevna-2025-ghyl-oblys-sertifikat.pdf
/public/files/2026/4/30/300426_104521_kemelova-aynura-bauyrghanovna-2025-ghyl-oblys-sertifikat.pdf