Текст
14.09.2025
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Сіздерді шынайы мейірім мен махаббатқа толы — Отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отбасы – береке-бірліктің, сүйіспеншілік пен адамгершіліктің бастауы.
Ол – ұрпақ тәрбиесінің алтын ұясы, қоғамның іргетасы.
Әрбір отбасының шаңырағында шаттық пен тыныштық,
сыйластық пен түсіністік салтанат құрсын!
Ақмола өңірінің әрбір жанұясына амандық, мол ырыс-береке, татулық пен баянды бақыт тілейміз!
Отбасы – ұлт болашағының тірегі!
Ізгі тілекпен,
Ақмола облысы білім басқармасы