"Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тайтобе отдела образования по городу Косшы управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бізге әрқашан кері байланыс керек!»

22.02.2019

2019 жылдың 14 ақпанында Астана қаласының Халықаралық мектебінің мұғалімдері Тайтөбе орта мектебінде «Кері байланыс» тақырыбында әдістемелік күн ұйымдастырды. Мастер-класстарға мектеп әкімшілігі, бастауыш сынып мұғалімдері және пән мұғалімдері қатысты. Ауыл мектептеріндегі мұғалімдерге әдістемелік көмек беру маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі заманда білім берудегі инновациялар мұғалімдердің кәсіптік өсуін жалғастыруын талап етеді. Біздің қонақтар тиімді жұмыс жүргізді және әдістемелік көмек көрсетті.Командалық жұмыстың практикалық бағыты тамаша әсер қалдырды. Мұғалімдер жоғары баға берді. Мұндай әдістемелік көмек - мұғалімнің өзін-өзі білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді. 2018 жылдың мамыр айында Халықаралық мектеп делегациясы, директор Ұзақбай Бауыржан Сайлаубайұлы басшылығымен , біздің мұғалімдерімен, осындай кездесуді ұйымдастырғанын айта кеткен жөн. Мектеп әкімшілігі мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Сыздықова Ғалия Сабитқызы 2018-2019 оқу жылының төртінші тоқсанында Астана қаласының Халықаралық мектебіне экскурсияға шақырды. Біз жоспарланған экскурсия одан әрі бай және жемісті болады деп үміттенеміз.

 

 

Тайтөбе ОМ тәрбие ісі жөніндегі

директордың орынбасары Адильбаева С.

Просмотров: 762


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст